Азат Нұрғалиев ҚПЛ-дағы 85-голын соқты
«Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев «Тұранға» қарсы ойында (5:0) Қазақстан Премьер-лигасындағы 85-ші голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан чемпионатында Азат Нұрғалиев 2004 жылы 15 сәуірде Қызылорда қаласында «Қайсарға» қарсы ойында алаңға шықты. Өзінің алғашқы голын 2004 жылы 8 шілдеде «Семей» қақпашысы Илья Байтеряковтың қақпасына тоғытты.
Азат Нұрғалиев талдықорғандық «Жетісу» (9 матч, 4 гол), Қаскелең «Сұңқар» (9 матч, 2 гол), «Астана» (11 матч, 6 гол) және шымкенттік «Ордабасы» (204 матч, 28 гол) намысын қорғады. Қостанайлықтар құрамында бүгінгі таңда 248 матч ойнап, 45 гол соқты. Қазақстан Премьер-лигасында Нұрғалиев 442 матч өткізіп, 85 гол енгізді.
Азат Қазақстан чемпионаты тарихындағы 15 үздік бомбардирлер тізіміне кіреді. Оның Қазақстанның екі дүркін чемпионы, екі рет күміс, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттарының үш рет қола жүлдегері, ҚР Кубогы мен Суперкубогының иегері атақтары бар.