«Қарсылас қатемізді пайдаланды». Алексей Бага «Ақтөбенің» неге жеңілгенін айтты

«Қарсылас қатемізді пайдаланды». Алексей Бага «Ақтөбенің» неге жеңілгенін айтты

«Ақтөбе» бас бапкері Алексей Бага Қазақстан чемпионаты 7-турындағы «Ақжайыққа» қарсы матч туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионаты. 7-тур

«Ақжайық» (Орал) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:0 (1:0)

Голдар: Антипов 12 (1:0)

Ескертулер: Әбдірахманов – Тотадзе, Нұрмұғамет, Жалмұқан, Манучарян, Әжімов

Алаңнан қуылды: Йерабек 78 («Ақтөбе»)

Төреші: Рахымбаев (Алматы)

24 сәуір. Орал. «Ақжайық» стадионы.

«Түсініктеме беретін ерекше ештеңе жоқ. Қарсыластар бүгін жіберген позициялық және техникалық қателіктердің бірін пайдаланды және бұл гол шешуші болды. Біздің алдыңғы шепте өткірлік пен агрессия жетіспеді. Қарсыластың айып алаңына бірнеше рет барғанымыздың өзі дәл соңғы соққыға әкелген жоқ. Сондықтан, түсініктеме беретін ештеңе жоқ. Ойын басында бірінші гол жіберіп алып, қарсыласқа басымдық бердік. Бұған жауап ретінде біз өзіміз шабуылда тиімді және өткір ойнай алмадық», - деді бапкер.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или