Қазақстандық боксшылар Белградтағы турнирді сәтті бастады
Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир басталды, деп жазады Prosports.kz.
75 келіге дейінгі салмақта Ермахан Жақпеков Андреас Коккиносты (Кипр) жеңді.
Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) болгариялық Рами Киваннан басым.
69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов шотландтық Тайлер Джоллиді жеңді.
Серік Теміржанов (57 келіге дейін) француз Селим Боаиттен жеңілді.
Ертуған Зейнуллинов (63 келіге дейін) Ян Штокаленконы (Ресей) жеңіп, келесі кезеңге өтті.
81 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай сербиялық Слободан Йовановичті жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или