Қанат Исламның кезекті қарсыласы анықталды

Қазақ боксшысы Қанат Ислам өзінің 19-кездесуін 1 наурызда Мәскеуде өткізеді.

Қанат Ислам мен аргентиналық Жудио Николас Питто арасындағы кездесу «Boxing & Gym Academy» залындағы бокс кешінде өтеді.

Аргентиналық Николас Питто кәсіпқой рингте 19 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Кездесу 12 раундқа жоспарланған және орта салмақта «WBA International» атағы сарапқа салынады. Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы барлық кездесуінде жеңіске жеткен.

Дәл осы бокс кешінде Жаңқош Тұраров венесуэлалық Франклин Вареламен (21 — 15(3) -0, 10КО) кездеседі. Бұл Тұраровтың кәсіпқой бокстағы 18-кездесуі. Тұраров та кәсіпқой рингте жеңіліссіз келеді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или