Ресми. Батыр Жүкембаев рингке оралатын күнін жариялады
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) Пуэрто-Рико елінің боксшысы Сабриэль Матиасқа (16-1, 16 КО) қарсы кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«29-мамыр күні АҚШ-та IBF тұжырымы аясында, Premier Boxing Champions шоуында Showtime телеарнасында Сабриэль Матиасқа қарсы жекпе-жек. Алланың қолдауымен, жанкүйердің демеуімен тек жеңіс үшін айқасамын», - деп жазды боксшы өзінің Instagram парақшасында.
Жүкембаев - Матиас жекпе-жегі Лос-Анджелестегі (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында өтеді.
Жүкембаев үшін алдағы жекпе-жек АҚШ-тағы алғашқы кездесуі болады, бұған дейінгі ол тек Канадада жұдырықтасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или