Зара Даркен Сербиядағы турнирдің финалына шықты
<span>Қазақстандық теннисші Зара Дәркен Белградта өтіп жатқан үшінші санаттағы Tennis Europe 14&U халықаралық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </span>
<span>Жасөспірімдер арасындағы беделді додада ел намысын Зарамен бірге Заңғар Нұрланұлы да қорғады. З.Дәркен жекелей сындағы кездесулерін сәтті өткізді. Алдымен сербиялық Ива Ковашевичті тас-талқан етті – 6:0, 6:0. Содан кейін тағы бір сербиялық Александра Джокичтен басым түсті – 6:1, 6:3. Ширек финалда Стела Дзимовичті ұтты – 2:6, 6:4, 6:3. Жартылай финалда босниялық Лана Петковичті тізе бүктірді. Зара сенбі күні финалда Петра Коньикушичпен бас жүлдені сарапқа салады.</span>
<span> Сонымен қатар германиялық Настасия Нестеровичпен бірге жұптық сында осы маусымдағы екінші титулына қол жеткізді. Финалда қазақстандық-германиялық жұп корт иелері Сара Костакова мен Наталья Кроцкованы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. </span>
<span>З.Нұрланұлы жекелей сында екінші айналымда тартысты бәсекеде сербиялық Алекс Мирковичке 6:2, 3:6, 1:6 есебімен есе жіберді. Ал Михаило Топичпен бірге жұптық сында жартылай финалда ғана швейцариялық Никола Джосич пен сербиялық Алекс Опарницадан 3:6, 6:7 есебімен ұтылып, финалға шыға алмай қалды.</span>