Астанада каратэден халықаралық турнир өтеді

Елордада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай балалар, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар, әйелдер және ерлер арасында киокушинкай-кан каратэден «ТМД Кубогы» Халықаралық турнирі өтеді. Турнир бүгін «Дәулет» спорт комбинатында басталады, оған 550 жуық адам қатысады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Киокушинкай-каратэ бойынша ТМД Кубогы жыл сайын өткізіледі. Биылғы чемпионат ашық болып табылады, сондықтан оған Қазақстанның әр аймақтарынан спортшылар қатыса алады. Спортшылар жас ерекшеліктеріне сәйкес салмақ дәрежелеріне бөлінген. ТМД Кубогы аясында 16 - 17 жастағы 60 кг дейінгі салмақта Қазақстанның киокушинкай-кан каратэсінің жанып келе жатқан жұлдызы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Мәскеудегі Әлем Кубогының жеңімпазы, Софиядағы (Болгария) Еуропа чемпионы Жәнібеков Темірлан өнер көрсетеді деп күтілуде.

Турнирді ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі істері комитеті, «Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ, «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы» ҚҚ, «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының» Астанадағы бөлімшесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или