Шарапова Ресей құрамасынан бас тартты

Теннистен әлемнің екінші ракеткасы Мария Шарапова Федерация кубогының жартылай финалында Ресей құрамасы сапында ойнаудан бас тартты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев мәлімдеді.

– Шарапованың маңызды жарыс алдында құрама сапынан бас тартуы Штутгарттағы турнирге қатысқысы келгендіктен. Себебі екеуі бір уақытта сәйкес келіп тұр. Былтырғы жылы бұл сайыста жолы болмаған Мария биыл Германияда чемпион атануды көздеп отыр, – дейді Тарпищев.

Айта кетейік, Федерация кубогының элиталық раундында Мария Шарапова мен Светлана Кузнецова бастаған Ресей құрамасы Польшаның атынан сынға түскен апалы-сіңілі Агнешка және Урсула Радванскаларды оңай жеңген еді.

Ресей теннисшілері жартылай финалда Аустралияны жеңген Германиямен кездеседі. Ойын 18 және 19 сәуірге жоспарланған. Екінші жұпта Франция мен Чехия кездеседі. Ал Шарапова ойнайтын Штугарттегі турнир 20 сәуірде басталады.

түпнұсқасы: http://baq.kz/kk/news/60780

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или