Қазақстандық балуан ММА-ге ауысты

Қазақстандық балуан ММА-ге ауысты

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі, Нұр-Сұлтандағы лицензиялық әлем чемпионатының қатысушысы Нұрғали Нұрғайыпұлы Naiza Fighting Championship-пен келісімшарт жасасты, пишет Prosports.kz

Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында лига президенті Нұрбек Қарабала мәлім етті. Сондай-ақ, NFC-мен 23 жастағы шешенстандық Джохар Ескиев де (5-2) келісімшартқа қол қойғаны хабарланды.

Нұрғали Нұрғайыпұлы ұлттық құрамада 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен, Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Дінмұхамед Қонаев пен Вацлав Циолковский меомриалдарында күміс жүлдегер атанған, ал 2017 жылы құрама сапында Ирандағы кубокта үшінші орын иеленген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или