Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Төрт боксшымыз алтын жүлдеге таласады

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Төрт боксшымыз алтын жүлдеге таласады

Бокстан Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесулер аяқталды. Бес қазақстандық боксшының төртеуі алтынға таласады деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

49 келідегі Санжар Тәшкенбай үндістандық қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды.

56 келідегі Ерболат Сабыр ресейлік Алексей Шендрикті жеңді. Енді Ерболат әлем чемпионатының алтыны үшін шаршы алаңға шығады.

60 келідегі Елнұр Сүйінбай жартылай финалда колумбиялық боксшы Оробио Синестра Элинді жеңді.

64 келідегі Сабыржан Аққалықов үндістандық спортшыны жарыс жолынан шығарып, ақтық сында жұдырықтасу мүмкіндігін алды.

75 келідегі Диас Молжігітов ресейлік Михаил Усовтан ұтылып, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или