УЕФА тарапынан жүріс: Чемпиондар лигасының бюджеті 7 млдр еуроға жетуі мүмкін
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы 12 клуб қатысатынын растаған Суперлигаға қарсы қару дайындап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Суперлига - бұл еуропалық клубтардың белгілі бір тобы қатысатын жыл сайынғы жоспарланған жарыс. Турнирге қатысатындарын <span>«Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Челси», «Арсенал», «Барселона», «Реал», «Атлетико», «Ювентус», «Милан» және «Интер»</span> растады.
RMC Sport-тың хабарлауынша, УЕФА Лондонда орналасқан Ұлыбританиядағы инвестициялық қормен бірге Чемпиондар лигасының жаңа нұсқасын жасауға кірісіп кетті. Оның бастапқы бюджеті 4,5 миллиард еуроға жуықтайды және 7 миллиард еуроға дейін өсуі мүмкін. Ал Суперлиганың бюджеті 4 млдр еуро шамасында болатыны кеше хабарланған еді.
УЕФА бұл ұсынысты Суперлигаға қатысудан бас тартқан клубтармен, оның ішінде <span>«Бавария»</span> және ПСЖ-мен бірге қарастыруда. Жаңа турнирге қатысудан бас тартқан клубтар да жобаға қосыла алады. Қор мен УЕФА арасындағы келіссөздер бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.