Әлем футболы

«Бірнеше клубтың жеке мүддесіне негізделген». УЕФА, АПЛ, Ла Лига мен А сериясы Суперлигаға қарсы шықты

«Бірнеше клубтың жеке мүддесіне негізделген». УЕФА, АПЛ, Ла Лига мен А сериясы Суперлигаға қарсы шықты
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА, сондай-ақ, Англия, Испания және Италия лигалары мен федерациялары еуропалық Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА сайтына сілтеме жасап.

«УЕФА, Англия футбол қауымдастығы (FA), Англия Премьер-Лигасы, Испания Корольдігінің футбол федерациясы (RFEF), Ла Лига, сондай-ақ Италия футбол федерациясы (FIGC) және А Сериясы бірнеше ағылшын, испан және итальян клубы Суперлига деп аталатын жабық турнир құруды жоспарлап отырғанын білді.

Егер ол құрылса, біз жоғарыда аталған ұйымдар, сондай-ақ ФИФА және біздің барлық қауымдастығымыз қоғамда ынтымақтастықты қажет ететін уақытта бірнеше клубтың жеке мүддесіне негізделген осы қитұрқы жобаны тоқтату үшін күш-жігерімізді біріктіретінімізді қайталағымыз келеді.

Біз Суперлига құрылмауы үшін барлық деңгейдегі шараларды қарастырамыз - сотта да, спортта да. Әділ бәсекелестік пен спорттық құндылықтар футболдың негізін құрайды; басқаша болуы да мүмкін емес.

Бұрын УЕФА мен алты федерация мәлімдегендей, Суперлигаға қатысуға келіскен клубтардың ұлттық, еуропалық немесе жаһандық деңгейдегі басқа жарысқа қатысуына тыйым салынады, ал олардың ойыншыларына ірі халықаралық жарыстарда өз құрамасының атынан шығуға мүмкіндік берілмейді.

Бұл жобаға қатысудан бас тартқан басқа елдердің, оның ішінде француз бен неміс клубтарына алғыс айтамыз. Барша футбол жанкүйерін, саясаткерлерді бұл жобаға қарсы тұруға шақырамыз.

Бір топ адамның бұл қитұрқы мүддесі тым ұзаққа созылды. Әр нәрсенің шегі болуы керек», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта еуропалық 12 топ-клуб Суперлигаға қатысатынын хабарлады. Бұл - «Милан», «Арсенал», «Атлетико», «Челси», «Барселона», «Интер», «Ювентус», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал» мен «Тоттенхэм».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер