Қазақстан ерлер құрамасы елордада жаттығу өткізіп жатыр
<span>Елордада бокстан Қазақстан ерлер құрама командасы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ұлттық құраманың кезекті оқу-жаттығу жиыны 22 сәуірге дейін жалғасады деп жоспарланған. </span>
<span>Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев қол астында Айбек, Нурбек Оралбай, Василий Левит, Сағындык Тоғамбай, Закир Сафиуллин, Махмуд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Теміртас Жүсіпов, Ерсұлтан Болат, Ертуған Зейнулинов, Дархан Дүйсебай, Нұрқанат Райыс, Дамир Әбдіқадір, Ерасыл Жақпеков, Бекнұр Ожанов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Сәкен Бибосинов, Азат Құттыбеков, Нұрлан Сапарбай, Серік Теміржанов, Аятулла Такежанов, Қамшыбек Қоңқабаев, Даниял Сабит, Саматәлі, Санатәлі Толтаевтар шеберлігін шыңдауда. </span>
<span>Айта кетерлігі, аталған жиыннан кейін құрама спортшылары Санкт-Петерубргке халықаралық турнирге аттанады.</span>