Батыр Жүкембаевтің жекпе-жегінің уақыты ресми жарияланды

Батыр Жүкембаевтің жекпе-жегінің уақыты ресми жарияланды

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14КО) кезекті жекпе-жегін пуэрторикандық Сабриэль Матиасқа (16-1, 16КО) қарсы өткізеді.

<span>Кездесу 29 мамыр күні Showtime Championship Boxing бокс кеші аясында өтеді. Кештің басты жекпе-жегі WBC-тің аса жеңіл салмақтағы чемпионы, француз Нордин Убаалидің (17-0, 12KO) және Филиппин өкілі Нонито Донейрдің (40-6, 26KO) арасында болады.</span>

<span>Жүкембаев – Матиас айқасы Showtime телеарнасының таяу айлардағы трансляциясының кестесіне қосылған. Кештің нақты қай жерде өтетіні әзірге мәлімделген жоқ. Алайда, ол Лос-Анджелес болуы мүмкін.</span>

<span>Айта кетейік, Батыр мен Сабриэльдің жекпе-жегі IBF-тің «төрттік турнирінің» бір бөлігі ретінде жоспарлануда. Оның жеңімпазы бірінші жартылай орта салмақ дивизионының әлем чемпионы атағы үшін міндетті үміткер тізіміне енгізіледі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или