Басқа

Қазақстандық жұп әртістік жүзуден әлем кубогында қола медаль алды

Қазақстандық жұп әртістік жүзуден әлем кубогында қола медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Қазан қаласында Fina World series аясында әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңі басталды.

16 сәуір күні Қазақстан құрамасының мүшелері техникалық аралас дуэт бағдарламасы бойынша бақ сынады.

Нәтижесінде, Каролина Иванова мен Виктор Друздин жұбы жүлделі үшінші орынға ие болды. Бағдарлама қорытындысы бойынша олар 72.0722 ұпай жинады.

Аталған санат бойынша 92.5174 ұпайға иелік еткен Ресей жұбы көш бастады. Испания құрамасының өкілдері 85.0703 ұпай еншілеп, екінші орынға жайғасты.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер