Күрес

Жамиля Бақбергенова: Азия чемпионатындағы нәтижеме көңілім толмайды

Жамиля Бақбергенова: Азия чемпионатындағы нәтижеме көңілім толмайды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың күміс жүлдегері атанған Жамиля Бақбергенова Olympic.kz сайтына жарысқa қатысты пікірімен бөлісті.

"Өкінетінім, үндістандық балуанға есе жіберіп қойдым. Жеңімпаз атануға да мүмкіндік болған еді. Чемпион боламын деп ойлаған болатынмын. Күрес барысында шаршап қалдым.

Жарыстағы нәтижеме көңілім толмайды. Енді алда бір лицензиялық турнир бар. Оған құрамадан кімнің қатысатынын бапкерлер шешеді", - дейді Жамиля Бақбергенова.

Айта кетерлігі, қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова Азия чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер