Боксшылар Венгрия шаршы алаңынан үш жүлде жеңіп алды

Боксшылар Венгрия шаршы алаңынан үш жүлде жеңіп алды

Венгрияның Дебрецен қаласында дәстүрлі «Иштван Боскай» мемориалы мәресіне жетті, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы ҚР бокс федерациясына сілтеме жасап.

59–і рет ұйымдастырылған  халықаралық турнирге 20 елдің жүзден аса былғары қолғап шеберлері қатысқан болатын. Аталмыш додаға Қазақстан атынан алты боксшы қатысып, бір алтын екі қола олжалап қайтты.

Біздің құрама сапындағы жалқы алтынды Мақсат Жексенбі жеңіп алды. 64 келі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, ақтық айқасты Шаршы алаң иесі Андрэс Вадачты жеңіп кетті.

Екі қола жүлдені қоржынға Бекзат Халметов (69 келі) пен Шаймұрат Құсайынов (81 келі) салды. Жартылай финалда Бекзат моңғол боксшысы Тувшинбат Биямбаға ұтылса, Шаймұраттың венгр Норверт Харчаға шамасы жетпеді.

Ал, ел біріншілігінде жүлделі орындарға ие болып жүрген Қуаныш Сабыр (52 кг), Алмас Жақыпов (56 кг) және Нұрзат Сабыров (75 кг) Венгриядан жүлдесіз қайтты.

Шыны керек, Дебрецен шаршы алаңынан біз бұдан да жоғары нәтиже күткен едік. Өйткені, былтыр дәл осы додада 3 алтын еншімізге тиген. Әділет Құрметов, Ержан Ордабаев, Асланбек Шымбергенов бас жүлдемен қуантқан болатын.

Десек те, бұл көрсеткіш те жаман емес. «Иштван Боскай» мемориалының алдында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жас боксшыларға мүмкіндік беріп, шеберліктерін тексеріп көреміз деген еді. Сондықтан да еліміздің үшінші, төртінші нөмірлі боксшылардың Дебреценде көрсеткен өнерін жақсы деп бағалауға болады.

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или