Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров келесі жекпе-жектеріне дайындықты бастады

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров келесі жекпе-жектеріне дайындықты бастады

Қазақтың кәсіпқой бокстағы көпшілікке танымал қырандары – Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров АҚШ-тың Флорида штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Қамшы порталы.

30 жастағы Қанат Ислам мен 24 жастағы Жанқош Тұраров биыл кәсіпқой бокс рингінде төрт жекпе-жектен өткізуді жоспарлап отыр. Екеуінің чемпиондық атақ пен белбеу үшін өткізетін жекпе-жектерін мыңдаған жанкүйер мен фанат тағатсыздана күтіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшымыз да – Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің құрлықтық чемпиондық белбеулерінің иегерлері.

Екі боксшымыздың да жанкүйерлері мен фанаттарының игі тілектерін олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оқуға болады. Бәрі де қос боксшымызды қолдап, жүрекжарды тілектерін жаудырған.

Қанат Исламның лақап аты – «Қазақ». Алайда, іс жүзінде халық оны «Қазақ батыры» деп атайды.

Ал Жанқош Тұраровтың фанаттары оған «Шыңғыс Хан» деп айдар тақса, базбіреулері «Мұстафа» деп атап жүр.

Сонымен, Қанат пен Жанқош Флорида штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Біз олардың қазақ халқын қуантып, жеңіске жете берулеріне тілектеспіз.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или