Қанат Ислам WBA рейтингінде екі саты төмендеді
<p>
<strong>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде екі саты төмендеді, деп хабарлайды Bnews.kz.</strong></p>
<p>
Қанат Ислам өткен жылы бұл рейтингте 7-орында тұрған болатын, ал 2015 жылдың қаңтар айынан бастап 9-орынға түсіп қалды. 30 жастағы қазақстандық боксшы өткен жылдың тамызынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Ол соңғы кездесуінде колумбиялық Фидель Монтерроса Муньосты 5-раундта нокаутпен ұтты. Бұл – отандасымыздың кәсіби карьерасындағы 18-қарсыласы еді, ол бүгінге дейінгі барлық қарсыласынан басым түсті, ал 15-ін нокаутпен жеңді. Қанат Исламның келесі жекпе-жегі наурыз айының ортасына жоспарланған.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или