Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды
Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде өтетін Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Аргентинаның Кордова қаласында 16-17 сәуір күндері өтетін матчтың алғашқы бәсекесінде Юлия Путинцева корт иесі, түбі украиналық Надя Подороскамен кездеседі. Бұл жұп жұма күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де сынға түседі. Өткен жылы Ролан Гаррос турнирінде айды аспанға шығарып, жартылай финалға дейін жеткен Н.Подороска Аргентинаның бірінші ракеткасы саналады. Сол айтулы додада Ю.Путинцеваны да ұтып кеткен болатын.
Ол қазір дүниежүзілік рейтингіде 45-інші, ал Ю.Путинцева 30-орында тұр. Бұл ойын біткеннен кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаға кезек келеді. Ол Аргентинаның екінші ракеткасы Мария Лурдес Карлені сынап көреді.
Сенбі күні Н.Подороска – Е.Рыбакина, М.-Л.Карле – Ю.Путинцева және жұптық сында Ярослава Шведова мен Анна Данилина – Н.Подороска мен М.-Л.Карле кездесулері жоспарланып отыр.
Сенбі күнгі ойындар сағат 19.30-да басталады. Қазақстан – Аргентина матчын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.