Бокстан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Бокстан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Атырауда жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

10-14 сәуір күндері Атырау қаласында 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. 4 күн бойы 250-ге жуық былғары қолғап шеберлері 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Жалпы командалық есепте Шымкент қаласының спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 3 қоламен бірінші орын алса, 3 алтын, 3 күміс және 5 қоламен Жамбыл облысы екінші орын алды. Үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс және 4 қоламен Түркістан облысының спортшылары түйіндеді. 

Республикалық біріншілікке 2007-2008 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысты. 

2021 жылғы Қазақстан чемпиондары келесідей:

34 кг: Нұрсұлтан Сейітбек (Түркістан облысы)
36 кг: Алдияр Бахадур (Шымкент)
38 кг: Рамазан Орынбасар (Жамбыл облысы)
40 кг: Мұхамедали Қалиев (Павлодар облысы)
42 кг: Бейбарыс Алматұлы (Түркістан облысы)
44 кг: Нұртас Балтабай (Жамбыл облысы)
46 кг: Мади Хамза (Алматы)
48 кг: Даулет Елтай (Шымкент)
50 кг: Бауыржан Мұратов (Ақмола облысы)
52 кг: Арнур Рустем (Жамбыл облысы)
54 кг: Назар Жүсіп (БҚО)
56 кг: Тагир Сатаев (БҚО)
58 кг: Аян Пернехан (Шымкент)
60 кг: Бекарыс Нұрмұхан (Маңғыстау облысы)
63 кг: Жасұлан Бердалы (Шымкент)
66 кг: Жандос Алпысбаев (Атырау обласы)
70 кг: Дулат Атейбек (Алматы облысы)
74 кг: Диас Аюпов (Мангыстауская область)
80 кг: Расул Асанханов (Қарағанды облысы) 
80 келіден жоғары:  Бексұлтан Кайратұлы (Алматы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или