Теннис

«Топ-10». Қазақстанның бірінші ракеткасы алға қойған мақсатын айтты

«Топ-10». Қазақстанның бірінші ракеткасы алға қойған мақсатын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңі қарсаңында Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Елена Рыбакина қарсыластары туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Сіз бұған дейін Мария Лурд Карлға қарсы кездесу өткізгеніңізді айттыңыз. Оның ойыны туралы не айта аласыз?

- Билли Жан Кинг кубогына бірінші рет қатысып отырмын. Аргентинада болғаныма қуаныштымын. Иә, Марияны білемін. Онымен жасөспірімдер турнирлерінде көптеген матч өткіздік. Бірақ оны ешқашан турларда кездестірген емеспін. Алайда оның стилін білемін, бұл кездесу бар күшімді салуды талап ететін қиын ойын болады деп ойлаймын.

- Аргентина құрамасының бірінші нөмірі Надия Подороска туралы не айтасыз?

- Ол қазір өте керемет өнер көрсетіп жүр. Оның үстіне Надия өз жерінде ойнайтындықтан, оған қарсы матч қиын болатыны сөзсіз. Бірақ, мен бар шеберлігімді көрсетуге дайынмын.

- Сіз жас шеберлердің бірісіз...

- Қазір турда ойнау өте қиын. Кез-келген турнирде барлығының жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Сондықтан әр апта сайын үздік өне көрсету үшін барымды саламын. Биылғы жылды былтырмен салыстырғанда жақсы бастай алмады. Бірақ жақында өз жолымды тауып, дұрыс бағытта жұмыс жасаймын деп үміттенемін.

- 2021 жылға қойған мақсатыңыз қандай?

- Биылғы маусымды рейтингтің алғашқы ондығында аяқтағым келеді, сонымен қатар «Үлкен дулыға» турнирлерінде жақсы нәтиже көрсетсем деймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер