Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Екі боксшымыз ¼ финалға шықты

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Екі боксшымыз ¼ финалға шықты

Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қыздар шаршы алаңға шықты.

57 келіге дейінгі салмақта Назерке Серік монғолиялық қарсыласын 5:0 (30:27, 30:27, 30:27, 30:26, 30:27) есебімен жеңді. Ал 60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Жұлдыз Шаяхметова Италия спортшысын төрешілер шешімімен  4:1 (30:27,  29:28, 28:29, 30:27, 30:27) есебімен қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде, қос спортшы да ¼ финалға жолдама алды.

15 сәуір күні күндізгі сессияда қазақстандық Кенже Мұратұлы (52) Өзбекстан боксшысы Шахзод Музафаровқа қарсы шығады. Ал Елнұр Сүйінбай (60) Никарагуадан келген Микаэль Эрнандеспен кездеседі. Кешкі кезеңде Айшагүл Елеубаева (54) мен Нұржан Аманкелді шаршы алаңда қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Кельцтегі күндізгі сессия елорда уақыты бойынша 18:00-де басталса, ал кешкісі 21:00-ге жоспарланған.

Жекпе-жектердің трансляциясын AIBA Boxing YouTube-каналында тамашалауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или