Күрес

Алматыдағы Азия чемпионаты: Бірінші күні қоржынға үш медаль түсті

Алматыдағы Азия чемпионаты: Бірінші күні қоржынға үш медаль түсті
news-banner7
mobile-news-top

13 сәуір күні Алматы қаласында орналасқан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Азия біріншілігі басталды, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін боз кілемге грек-рим күресінің балуандары шығып, 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Байрақты бәсекенің бірінші күнінде қазақ балуандары үш жүлде еншіледі. 63 келіге дейінгі салмақта белдескен Сұлтан Әсетұлы Иран елінен келген тәжірбиелі Мейсам Дельханиді финалда жеңіп, құрлықтық додада чемпион атанды. Өткен жылы Қазақстан чемпионатында үздік шыққан 20 жастағы Сұлтан мансабындағы алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді.

Бүгін иран спортшылары 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ғана жүлдеге таласа алмады. Қалған салмақтарда міндетті түрде финалға шығып отырды. Аса ауыр салмақта шешуші белдесуде Алиакбар Юсуфахмадкалиев қазақстандық Әлімхан Сыздықовты 5:1 есебімен жеңіп кетті. Әлімхан алғаш рет дүбірлі додада күміс жүлде иеленді.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел үздігі Демеу Жадыраевтан көпшілік үлкен үміт күткен еді. Алайда, шеберлігі шыңдалған балуанымыз жартылай финалда тәжік Далер Реза Задеге есе жіберді. Үшінші орынға таласта түркменстандық Мұхаммедберді Мамедовты 9:0 есебімен сенімді жеңіп, қола жүлдені қанағат етті.

Төменде бірінші жарыс күнінің нәтижелерін ұсынады.

55 келіге дейін:

1. Ю Шиотани (Жапония);

2. Ильхом Бахромов (Өзбекстан);

3. Нұрмұхамет Абдуллаев (Қырғызстан);

3. Поя Дад Марз (Иран).

63 келіге дейін:

1. Сұлтан Әсетұлы (Қазақстан);

2. Мейсам Дальхани (Иран);

3. Джуй Хуан (Тайбэй);

3. Ханже Чунг (Оңтүстік Корея).

77 келіге дейін:

1. Пижман Поштам (Иран);

2. Далер Реза Заде (Тәжікстан);

3. Демеу Жадраев (Қазақстан);

3. Қайратбек Туголбаев (Қырғызстан).

87 келіге дейін:

1. Насер Ализаде (Иран);

2. Атабек Азисбеков (Қырғызстан);

3. Рустам Асакалов (Өзбекстан);

3. Сюгхван Ли (Оңтүстік Корея).

130 келіге дейін:

1. Алиакбар Юсуфиахмадчали (Иран);

2. Әлімхан Сыздыков (Қазақстан);

3. Минжун Ким (Оңтүстік Корея);

3. Мұрат Рамонов (Қырғызстан).

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер