Азия чемпионаты: Екі балуанымыз финалда белдеседі

Азия чемпионаты: Екі балуанымыз финалда белдеседі

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде гирек-рим күресінен финалыда бақ сынайтын спортшылар анықталды.

Қазақстан командасы сапынан 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы мен 130 келіге дейінгі салмақтағы Әлімхан Сыздықов Азия біріншілігінің алтынына таласады.

Екі балуанның да қарсыласы – ирандықтар.  Сұлтан Мейсам Далханимен күрессе, Әлімхан Алиакбар Юсувахмадкалимен белдеседі.

77 келідегі Демеу Жадыраев пен 87 келіге дейінгі салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін кілемге шығады.

Демеу үндістандық Сингх Гарпритпен, Нұрсұлтан өзбекстандық балуан, тәжірибелі Рустам Ассакаловпен өзара мықтыны анықтайды.

Ал 55 келідегі Жансерік Сәрсенбиев жарысты бірінші айналымда аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или