Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінің өз салмағында үздік ондығына кірді
Дүниежүзілік бокс кеңесінің азиялық бөлімі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлын құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымның Twitter-дегі ресми парағында Ербосыналы WBC рейтингінің өзінің дивизионында ТОП-10-ға кірді деген хабарлама пайда болды.
«Орта салмақтағы <span>WBC Asia</span> қазіргі чемпионы Айдос Ербосынұлын құттықтаймыз, ол қазір WBC әлем рейтингінде 10-орында тұр».
Ербосынұлының қатысуымен келесі жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэ қаласында өтуі керек еді. Ресейлік Евгений Шведенко қазақстандықтың қарсыласы деп жарияланды.
Бірақ Айдос коронвирус жұқтырып алып, жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы қазір америкалық Калеб Плантқа тиесілі IBF орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или