Дэвис кубогының топтық кезеңі: Қазақстан Мадридте ойнайды

Дэвис кубогының топтық кезеңі: Қазақстан Мадридте ойнайды

Теннистен Дэвис кубогының форматы өзгерді, топтық кезең биыл 25 қараша – 5 желтоқсанда үш елде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Мадридте Канада және Швеция теннисшілерімен «В» тобына түсті.

Сондай-ақ турнир ойындары Турин (Италия) және Инсбрук (Аустрия) қалаларында өтеді.

Бастапқыда жарыс өткен жылы Испания астанасында 25 қараша – 5 желтоқсан аралығында хард төсенішінде өтеді деп жоспарланып, биылға ауыстырылған болатын.

Мадридте сондай-ақ «А» тобында Испания, Ресей және Эквадор матчтары болады. Оған қоса турнирдің ширек, жартылай және финалдық бәсекелері өтеді.

Инсбрукта «C» және «F», Туринде «D» және «Е» топтары сынға түседі. Сонымен қатар қос қалада бір-бір ширек финалдан өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или