Үш белбеуі бар қазақстандық боксшының Германиядағы жекпе-жегі өтпейді

Үш белбеуі бар қазақстандық боксшының Германиядағы жекпе-жегі өтпейді

WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарының иегері қазақстандық Айдос Ербосынұлының жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Оның қарсыласы Евгений Шведенко Айдостан коронавирус табылғанын жазды. 

«Жекпе-жек өтпейді, қарсыласым коронавирус жұқтырды! Әлде айла тапты! Тез жазыл! Қолдау көрсеткендерге рақмет!» - деп жазды Шведенко Instagram Stories-те.

Еске салайық, Ербосынұлы – Шведенко жекпе-жегі 17 сәуірде германиялық Карлсруэ қаласында өтуі керек болған.

Бұл кездесудің жеңімпазы екінші орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер саналар еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или