Геннадий Головкинге арнап жаңа клип түсірілді

Америкалық рэперлер – Марио Руиз бен Омар Круз қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге (31-0, 28 КО) арнап жаңа клип түсірді. Бұл туралы отандасымыздың GGG ВКонтакте парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Рэперлер жаңа клипті Good Boy Killa («Жақсы жігіттердің көзін жоюшы») деп атапты. Клипті түсіру кезінде Руиз бен Круз қазақстандық боксшының жаттығу процесін жазып алған.

Айта кету керек, бұл рэперлердің Головкинге арнап түсірген екінші бейнебаяны. Алғашқы клип «Мексикалық стиль» атауымен Головкин – Рубио жекпе-жегінің алдында жарыққа шыққан болатын.

Естеріңізге саламыз, Головкин – Мюррей кездесуіне бас-аяғы 10 күн қалды. Жекпе-жек НВО арнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или