Азамат Дәулетбеков лицензиялық турнирдің қола жүлдегері атанды

Азамат Дәулетбеков лицензиялық турнирдің қола жүлдегері атанды

<span>Алматыда күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі аяқталуға жақын. Қазақстандық Азамат Дәулетбеков еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. </span>

<span>Дәулетбеков қола жүлде үшін күресте тәжікстандық балуан Бахадур Кодировпен кездесіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда, бұл салмақтағы Олимпиада жолдамасы Азаматтың қолынан сусып кетті. Ол жартылай финалда өзбекстандық балуанға есе жіберген болатын.  </span>

<span>Ал Токио Олимпиадасының жолдамасы ақтық сынға шыққан спортшыларға ғана беріледі. </span>

<span>Айта кетелік, бүгін еркін күрестен аса ауыр салмақта белдесетін Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или