Қазақстан Израильді ірі есеппен жеңіп, Серік Жаманқұловты құрамадан әдемі шығарып салды

Қазақстан Израильді ірі есеппен жеңіп, Серік Жаманқұловты құрамадан әдемі шығарып салды

Футзалдан Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің соңғы матчында біздің құрамамыз тағы да ірі жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің соңғы матчы Қазақстан үшін де, Израиль үшін де маңызды болмады. Құрамамыз екі тур бұрын топ жеңімпазы атанып қойған, құрлықтық жарысқа да жолдама қалтада болды. Израильдіктер де жолдамаға таласу мүмкіндігінен ерте айырылған. 

Бірақ алаң иелері Нұр-Сұлтанда іріктеуді көңілді нотамен аяқтауды жөн деп шешкен. Кездесудің бірінші минутында-ақ Тайнан есеп ашты. Көп ұзамай Тимур Балтабаев есепті ұлғайтты. 

Екінші таймда Жомарт Тоқаев көзге түссе, кейін Тайнан есепті 4:0 қылды. Матч осы есеппен аяқталды. 

Кездесу соңында қазақстандық футзалдың ардагеріне айналған Серік Жаманқұлов құрамамен қоштасты, оған қарсылас та қол шапалақтады. Тек өкініштісі, бұл сәтте жанкүйерлер трибунада болмады. 

Құрамамыз топтағы алты кездесуінің бәрінде жеңіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды. Күт, Еуропа, Қазақстан келе жатыр!

Еуро-2022. Іріктеу. 5-топ

Қазақстан – Израиль – 4:0 (2:0)

Голдар: Тайнан (2), Балтабаев, Тоқаев

11 сәуір. Нұр-Сұлтан. «Сайран Арена». Көрерменсіз.

Фото: ҚФФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или