Ауыр нокаутқа түскен Қазақстан тумасының жағдайы белгілі болды
IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Сергей Липинец америкалық Джейнер Эннистен нокаутпен жеңілсе де, денсаулығына зиян келмеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сергей жекпе-жектен кейін тексерістен өтті. Денсаулығына зиян келмеді», — деді бокс өкілдері.
Еске салайық, Липинец пен Эннис жекпе-жегі алтыншы раундта аяқталған. Джарон Эннис қарсыласын ауыр нокаутқа жіберген болатын.
Айта кетейік, Липинец Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылының тумасы, кәсіпқой рингте Ресейдің намысын қорғайды. Бала кезінен ол ата-анасымен бірге Ресейге қоныс аударған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или