Қазақстан тумасы титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңілді

Қазақстан тумасы титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңілді

Анкасвиллде (АҚШ, Коннектикут) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қазақстан тумасы Сергей Липинц (16-1-1, 12 КО) пен америкалық Джарон Эннис (26-0, 24 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports .kz.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Джарон Эннис қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.

Осылайша, Липинец мансабындағы екінші жеңіліске ұшырады. Ал Эннис 27-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Липинец Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылының тумасы, кәсіпқой рингте Ресейдің намысын қорғайды. Бала кезінен ол ата-анасымен бірге Ресейге қоныс аударған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или