Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегіне қазақ журналистері бармайды

Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегіне қазақ журналистері бармайды

Ақпанның 21-де Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасында өтетін жекпе-жекке бірде бір қазақ журналисі бармайтын болды. Себебі ұйымдастырушылар бокс кешінен хабар таратуға ұсыныс жіберген қазақстандық өкілдердің өтінішін кейін қайтарған.

Гaзет пен журнал тілшілерін былай қойғанда, кездесуді тікелей эфир арқылы таратуға мүмкіндігі бар KazSport арнасының журналистеріне де Генаның жекпе-жегін оқиға орыннан көру құқығы берілмеді.

Eric Bessone есімді азамат аккредитацияға өтініш білдірген барлық қазақстандық журналистерге бірдей жауап қайтарған. Онда былай делінеді:

«Аккредитацияға өтініштер өте көп болғандықтан, сіздің сұранысыңызды қабылдай алмадым». (Sorry for the negative answer, your accreditation hasn’t been accepted, due to a huge number of requests. Eric Bessone).

Есесіне, шетелдік журналистердің өтініші мақұлданып оларға жақсы орындар берілген. Қазақстандық журналистер ұйымдастырушылардың өздеріне деген немқұрайды көзқарасы мен өшпенділігін түсіне алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или