Бейбіт Шүменов WBC рейтингінде бір саты көтерілді

WBA (Super) тұжырымында әлемнің экс-чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов ауыр салмақта Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде бір саты жоғарылады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Жаңартылған кестеде Бейбіт Шүменов 17-орында тұр. Қазақстандық боксшы 13 желтоқсан күні Лас-Вегаста ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жегін Батыс Вирджиния чемпионы Бобби Томасқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Сонымен қатар, WBC рейтингінің ТОП-40 тізіміне тағы бір отандасымыз – IBO Intercontinental тұжырымындағы әлем чемпионы Иса Акбербаев та кірді. Ол 2014 жылдың 11 желтоқсанында беларусиялық Игорь Караваевты бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или