Илья Ильин бокспен айналыса бастады

Илья Ильин бокспен айналыса бастады

Екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин «Мегаполис» газетіне өзінің жаттығу процесі жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

- Өткен жылы жаттығу мәнеріңізді түбегейлі өзгерткеніңізді жариялап едіңіз... Қазір қалай жаттығып жатырсыз?

- Ия, темір көтерумен қатар, жүгіруді де әдетіме айналдырдым.

- 2007 жылы 1 шақырымнан артық жүгіре алмаймын деп едіңіз...

- Қазір 5 шақырым, 6 шақырым, қажет болса, одан ұзақ қашықтықты жүгіремін. Бұдан бөлек, бокспен де айналысып жүрмін. Бізді Рүстем Сыбай жаттықтырады. Жалпы, біздің ұранымыз: «Штангисттің қолынан барлығы келуі тиіс». Мен 2 шақырым қашықтыққа дейін жүземін, одан артығы – артық болады. Кросфитті де аздап қолға ала бастадым...

- Сізге бокс неге керек?

- Соққымды ретке келтіру үшін. Менің көптеген досым – боксшылар. Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев. Қарағандыда Рой Джонс келгенде бокс жайлы көп әңгімелестік. Соларға қарап тұрып, бокспен де шұғылданғың келеді екен. Меніңше, спортшы жан-жақты болуы тиіс.

- Ал соққыңыз ауыр ма?

- Жаман емес! Негізі, бұлшық еттерді шынықтықтырудың кез келген спортта пайдасы зор. Бір жолы өзімізше зерттеу жүргізіп көрдік. Велосипед айдап, жылдамдығымызды өлшедік. Дәрігерлер тексере келе, менің жылдамдығым өте жақсы екенін, Қазақстанда мен сияқты жылдам спортшылар екеу ғана екенін айтты.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или