Live
Спорттағы коронавирус
Басқа

«Спортшыларды вакцинациялау бірінші кезектегі мәселе емес». Олимпиада ұйымдастырушылары ХОК-пен атлеттердің қауіпсіздігін талқылап жатыр

«Спортшыларды вакцинациялау бірінші кезектегі мәселе емес». Олимпиада ұйымдастырушылары ХОК-пен атлеттердің қауіпсіздігін талқылап жатыр

Kyodo агенттігінің мәліметінше, Токио Олимпиадасына қатысатын жапониялық спортшылар алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы вакцина салдырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, атлеттер маусым соңына дейін вакцинаның екі дозасын салдырады. Осылайша, иммунизациядан кейін спортшылардың сайыстарға дайындалуына әлі бір ай уақыт болады. 

Алайда Жапония билігі атлеттеріне жазғы Олимпиада алдында вакцина салу мәселесін қарап жатқан жоқ. 

«Біз бұл хабарды оқыдық, бірақ қазіргі уақытта бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ. Мұндай жоспар да жоқ», - деді Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Като.

Сондай-ақ, ол Жапония билігі Халықаралық Олимпиада комитеті және ұйымдастырушылармен Токиоға келетін спортшылардың қауіпсіздігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. 

Жапонияда жаппай вакцинация мамырда басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Спорттағы коронавирус

Спорттағы коронавирус

Спорттағы коронавирус - бүгінгі күнгі ең соңғы жаңалықтар, әлемдегі және Қазақстандағы онлайн-карта

2020 жазғы Олимпиада

2020 жазғы Олимпиада

XXXII летние Олимпийские игры, которые пройдут в столице Японии Токио в 2020

Пікірлер 0