WBC рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы мен Батыр Жүкембаев үздік ондық қатарында

WBC рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы мен Батыр Жүкембаев үздік ондық қатарында

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде алғашқы ондыққа Қазақстанның екі боксшысы ғана кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев бірінші ауыр салмақтың ТОП-30-нан көрінді (29-орын). Бұл салмақта WBC титулы конгалық Илунга Макабуға тиесілі.

Айдос Ербосынұлы супер орта салмақтағы боксшылар тізімінде 11-орында тұр. Тағы бір жерлесіміз Әли Ахмедов 25-орын иеленді. Бұл дивизионның чемпионы - мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақтың рейтингінде екі қазақстандық боксшы бар. Жәнібек Әлімханұлы титулға жақын. Қазақ боксшысы алтыншы орынға жайғасқан. Мейірім Нұрсұлтанов 15-орында. Аталмыш дивизионда чемпиондық белбеу америкалық Джермалл Чарлоға тиесілі.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта 22-орында тұр. Бұл салмақтағы WBC белбеуі кіші Эррол Спенстің еншісінде.

29 мамыр күні Лос-Анджелесте жұдырықтасатын Батыр Жукембаев болса бірінші жартылай орта салмақта сегізінші орынды місе тұтты. Бұл дивизионның чемпионы - америкалық Хосе Рамирес.

 

Тұрсынбай Құлахмет: Жекпе-жек тез аяқталады деп ойлаған жоқпын

Айдос Ербосынұлы даңқты жаттықтырушының залында дайындалып жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или