Садриддин Ахмедов бейнеойында пайда болады
Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов ESports Boxing Club бокс симулятор ойынына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ойынды құрастырушылар Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартқа отырған. Алдағы уақытта ойынға канадалық Давид Лемье, ресейлік Арсланбек Махмудов және Садриддин Ахмедов енеді.
Steel City Interactive компаниясы ойын 2021 жылы жарық көретінін мәлімдеді. Қазірдің өзінде ойынға 100 боксшы енген. Болашақта олардың саны 200-ге дейін жетеді.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысып, 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или