Айдос Ербосынұлы даңқты жаттықтырушының залында дайындалып жатыр

Айдос Ербосынұлы даңқты жаттықтырушының залында дайындалып жатыр

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне Лос-Анджелесте (Калифорния, АҚШ) дайындалып жатыр.

Спортшы инстаграм елісіндегі парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады. Айдос АҚШ-та белгілі маман Джеймс «Бадди» МакГирттің жетекшілігімен жаттығу өткізеді.

Қорытынды спаррингтерді боксшы даңқты жаттықтырушы Фредди Роучтың залында өткізді. 

«<span>Әлемнің ең үздік бапкерінің бірі, Фредди Роучтың залында бүгін АҚШтағы осы жекпе-жекке дайындығымыздың, ақырғы спарингін өткіздік. Жалпы Лос Анджелес қаласындағы дайындық жұмыстары ойдағыдай өтті, әльхамдулиллаһ», - деп жазды боксшы.</span>

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы мен Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэде (Германия) өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или