Шетелдік БАҚ Тұрсынбай Құлахметтің соққысын жыл нокауты деп атады
Бокс туралы жазатын Vringe.com журналы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) венесуэлалық Эбер Рондонды (20-1, 13 КО) нокатуқа түсіргеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жекпе-жектің бірінші минутында Құлахмет қарсыласының иегінен соққы жасады. Ол орнынан тұрып, кек алмақ болды, бірақ бірден одан да қорқынышты соққы алды. Венесуэлалық боксшы бірден жатып қалды, төреші жекпе-жекті тоқтатты», - деп жазады порталдың редакторы Святослав Осипов.
Тұрсынбай Құлахмет пен Эбер Рондон жекпе-жегі Дубайда (БАӘ) өткен. Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBC International титулын қорғап қалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или