Фируза Шәріпова техникалық нокаутпен жеңді

Фируза Шәріпова техникалық нокаутпен жеңді

Қазанда (Ресей) қазақстандық Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлиеяй Чернобородова арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек төртінші кезеңде аяқталды. Фируза кездесу басталысымен белсенді жұдырықтасты. Төртінші раундта Шәріпова қарсыласын нокдаунға түсірді. 

Кейін қазақстандық боксшы ресейлікті соққының астына алып, төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады. Осылайша, Фируза техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Еншісінде кәсіпқой рингте 13-інші жеңіс бар. 

Еске салайық, боксшылар жаңа М13 ұйымының титулын сарапқа салған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или