Жанқош Тұраров жекпе-жектен бас тартты

Жанқош Тұраров жекпе-жектен бас тартты

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) Дубайдағы жекпе-жегі өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы D4G Promotions Жанқош Тұраров жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады. Әзірге не себеп болғаны белгісіз.

Аталмыш кештің басты айқасында Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 KO) қарсы жұдырықтасуы керек еді.

Ал екінші қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) венесуэлалық Эбер Рондонға (20-0, 13 КО) қарсы кездесуде өзіне тиесілі бірінші орта салмақтағы WBC International титулын қорғайды.

Дубайдағы бокс кешінің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или