Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсіміне кеш қатысты

Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсіміне кеш қатысты

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) ұлыбританиялық Тайрон Маккенамен жекпе-жек алдында салмақ өлшеді.

WorldBoxingNews басылымының мәліметінше, Жанқош Тұраровқа лимиттен аспау үшін қосымша уақыт керек болды. Салмақ өлшеу рәсіміне келген қарсыласы Тайрон Маккена 63,3 келі салмақ көрсетсе, кешіккен қазақстандық боксшы 63,5 келі болды.

Тұраров пен Маккена жекпе-жегі ертең Caesars Palace аренасында өтеді. Боксшылар бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын сарапқа салады. Қазіргі уақытта ол Тұраровқа тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или