Шаңғы жарысынан өткен ӘЧ Алматы бизнесіне 190 млн теңге пайда әкелді

Алматыда ФИС ӘЧ қорытындысы бойынша сайыс ұйымдастырушылары баспасөз конференциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Юниорлар арасында өткен Әлем чемпионаты барлық делагаттар, жарыс қатысушыларына жақсы әсер қалдырады деген ойдамын. Ұйымдастырушылық комитет пен әкімдікке үлкен алғыс айтқым келеді. Бірлесіп атқарған жұмысымызға көңілдері толған шығар деген үміттемін. Әрине, сайысты ұйымдастыруда жіберген кемшіліктеріміз болды, болашақта ол олқылықтарды талдап, ортақ түйінге келіп, келесі жолы қандай да бір шара ұйымдастырғанда, міндетті түрде ескеретін боламыз», - деп атап өтті «Астана» Президенттік кәсіби клубының бас директоры Владимир Смирнов.

Жобаның ұйымдастырушылық комитеті 114 адамнан құралған, оның құрамында штат қызметкерлері, халықаралық жобалар дирекциясы бар. Сондай-ақ дүбірлі дода күндері 634 ерікті жұмыс істеді.

«Бұл қаланың әлеуеті зор екенін көрсетеді, Алматы жастары мұндай жобалардың қаншалықты пайдалы әрі қызықты екенін түсінеді. Алматы қаласының бизнесі, яғни қонақ үй кешені, мейрамханалар, ұялы байланыс, кәдесыйлар дүкені жарыс күндері шамамен 180-190 млн теңге пайда тапты. Туристік саланы дамытудың бірден бір жолы – қаланы барынша таныту. Ал бұқаралық іс-шаралар өткізу бұған қол жеткізудің оңай әрі айқын жолы», - деп атап өтті халықаралық спорттық шаралар дирекциясының директоры.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или