Алматыда шаңғы жарысынан өткен ӘЧ қорытындысы

7 ақпан күні Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру, скиатлон шаңғы жарысы мен шаңғы қоссайысынан командалық сайыстар мәресіне жетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Ерлер арасында шаңғымен секіруде Норвегия командасы көш бастады. Жалпы нәтижеде 893,3 ұпай жинаған Хоаким Одегаард Бьерен, Хальво Эгнер Гранеруд, Филипп Шоен мен Йохан Форфанг алтыннан алқа тағынды. Одан кейінгі екінші орынды Германия спортшылары Пауль Винтер, Марин Хамман, Себастиан Брадаш пен Андреас Веллингер иеленді. Олардың еншісінде – 869.6 ұпай. Егер ерлер арасындағы сайыста Австрия шаңғышылары 837.4 ұпаймен қола жүлдені қанағат тұтса, қыздар арасындағы сында австриялық нәзік жандылар алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Қыздар арасында екінші орын 723.1 ұпай жинаған ресейліктерге бұйырды, Жапония командасы бұл додада қола медаль еншіледі.

15 км қашықтыққа арналған әйелдер скиатлонында үздік нәтиже көрсеткен Натали фон Сиебенталь алтын жүлде иеленді, күміс медаль Норвегия өкілі Барбро Кваалеге бұйырды. Ал үшінші орында – италиялық Джулия Штурц.

Шаңғы қоссайысынан командалық сайыста Австрия құрамасы топ жарып, алтын медальды қанжығаларына байлады. Германия өкілдері күміс жүлде олжалады, ал «қола» Норвегия спортшыларына бұйырды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или