Қазақстандық теннисшілер Ресей ашық чемпионатына қатысады

Қазақстандық теннисшілер Ресей ашық чемпионатына қатысады

2 сәуір күні Оренбург қаласында үстел теннисінен «А» Жоғарғы лигасындағы әйелдер командалары арасында Ресей ашық чемпионатының үшінші тур ойындары өтеді. 

Ашық біріншілікте қазақстандық «TTС Karaganda» командасы да бақ сынайды. Клуб қатарында Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкиналар бар. Команданың бас бапкері – Татьяна Ким. 

Айта кетелік, екінші топта сынға түсетін қазақстандықтар «УГМК-УОР» (Верхняя Пышма), ОСШОР (Тюмень), «Звезда» (Серпухов), «Сабы-Татарстан» (Богатые Сабы), «Факел-1» (Оренбург), «Луч-Росток» (Екатеринбург), «Малинка» (Мәскеу) командаларына қарсы ойнайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или