Жанқош Тұраров: Сүйікті қаламда жеңіске жету - биылғы мақсаттарымның бірі

Жанқош Тұраров: Сүйікті қаламда жеңіске жету - биылғы мақсаттарымның бірі

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) келесі жекпе-жегі өтетін Дубайға (БАӘ) келді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Дубайға әр келгенде алғаш рет келгендей боламын. Әлемнің біраз түкпірін аралап жүрсем де ерекше ұнататын қалаларымның бірі осы. Бұл қала кімді болсада өзінің даму жылдамдығымен, сұлулығымен таң қалдыратыны сөзсіз. Сүйікті қаламда өнер көрсетіп, жеңіске жету - биылғы мақсаттарымның бірі. Маған сәттілік. Жеңісті қолдан бермейміз, - деп жазды боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Тұраров <span>WBO Inter-Continental</span><span> </span>титулын 3 сәуірде қорғайды. Оның қарсыласы британдық Тайрон Маккенна (21-2-1, 6 КО) болады.

<span>Тұраров - Маккенна жекпе-жегі MTK Global бокс кешінің аясында өтеді. Басты айқаста WBO тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы АҚШ Джамел Херринг (22-2, 10 КО) британдық Карл Фрамптонпен (28-2, 16 КO) жұдырықтасады.</span>

Сондай-ақ, осы кеште тағы бір қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) рингке шығады. Ол венесуэлалық Эберт Рондонмен (20-0, 13 КО) шеберлік сынасады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или