«Қаласаң бәрін өзгертуге болатынын дәлелдедік». Талғат Байсуфинов - Украина мен Қазақстан матчы туралы

«Қаласаң бәрін өзгертуге болатынын дәлелдедік». Талғат Байсуфинов - Украина мен Қазақстан матчы туралы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Украинаға қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport.ua сайтына сілтеме жасап.

«Бірінші таймда менің командам баяу қимылдады. Ұзақ уақыт ұшу, бейімделу, уақыт белдеулерінің өзгеруі әсер етуі мүмкін. Алайда, біз оқу-жаттығу жиынындағы екінші матчта да жақсы ойнаған жоқпыз... Бірақ екінші таймда қаласаң бәрін өзгертуге болатынын дәлелдедік. Біз дәл осы бағытта қозғаламыз», - деді бапкер ойын соңында.

Еске салайық, Киевтегі Украина - Қазақстан матчы 1:1 есебімен аяқталған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или