Жанқош Тұраров титулды жекпе-жек өткізу үшін Дубайға барды

Жанқош Тұраров титулды жекпе-жек өткізу үшін Дубайға барды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) келесі жекпе-жегі өтетін Дубайға (БАӘ) келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Instagram Stories-те спортшы ұшу кезіндегі видеосын жариялады және жаттықтырушы Сағатбек Мұсахановпен бірге БАӘ-ге аман-есен жеткенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Тұраров WBO Inter-Continental титулын 3 сәуірде қорғайды. Оның қарсыласы британдық Тайрон Маккенна (21-2-1, 6 КО) болады.

Тұраров - Маккенна жекпе-жегі MTK Global бокс кешінің аясында өтеді. Басты айқаста WBO тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы АҚШ Джамел Херринг (22-2, 10 КО) британдық Карл Фрамптонпен (28-2, 16 КO) жұдырықтасады.

Сондай-ақ, осы кеште тағы бір қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) рингке шығады. Ол венесуэлалық Эберт Рондонмен (20-0, 13 КО) шеберлік сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или